«AMANAT»-тың мәслихаттарға партиялық тізімдері 75%-ға жаңарды
«AMANAT»-тың өңірлік және аумақтық филиалдары конференцияларының қорытындысы бойынша партиядан облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының мәслихаттарына тізімдер бекітілді. Сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихаттарға бірмандатты округтер бойынша кандидаттар ұсынылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«AMANAT» партиясы өз кандидаттарын барлық депутаттық мандатқа, яғни барлық деңгейдегі 223 мәслихатқа ұсынады. Осылайша, жаңа сайлау заңнамасына сәйкес партиялық тізімдер бойынша 740 адам және бірмандатты сайлау округтері бойынша 3081 адам ұсынылды. Барлығы 3821 үміткер.
Партиялық тізімдерде 20 өңірлік мәслихатта «жаңа есімдердің» үлесі – 75%-ды құрайды. Оның ішінде әйелдер – 31%, 29 жасқа дейінгі жастар – 23%. Үмі










